Отандасымыз Түркияда із-түзсіз жоғалып кетті

Түркиядағы  зілзала кезінде отандасымыз із-түзсіз жоғалып кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Аstana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында болған. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Анадолы жеріне сапар шекпек. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі жазбада хабарланды