«Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыланып жатыр

Масс-медиа туралы заңның тұжырымдамасы нормативтік-құқықтық актілер сайтына жарияланып қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Жаңа заң жобасында барлық мемлекеттік органдарға аккредиттеуден өтуге бірыңғай баспасөз картасын енгізу ұсынылып отыр. Ол тек кәсіби тәжірибесі бар журналистерге ғана беріледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше бұл журналистердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Картаны беру мен алу механизмдерін үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Әлі талқыланады. Біздің жоспар бойынша заң жобасы Мәжіліс қарауына наурыз айының аяғында немесе сәуір айының басында кіруі тиіс. Осы екі айдың арасында кіргізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ең алдымен біздің еңбасты құндылықтарымыз сөз бостандығы, цензураға тыйым салу, журналистің әлеуметтік мәртебесін қолдау және ақпараттық қол жетімділікті ары қарай дамыту бағытында біздің ең басты мақсаттарымыз болып қалады.