Сайлау күні елімізде 609 нәресте дүниеге келді

Олардың 312-сі ұл бала, арасында бір егіз бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды саяси науқанда жарық дүниенің есігін ашқан нәрестелердің бауы берік болсын. Елдің қамын жейтін, ұлттың ұпайын түгендейтін, ел азаматтары болып өссін дейміз!