Биыл елімізде 146 орман өрті тіркелді

Биыл елде жыл басынан бері 146 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау 24 мыңға жуық гектар жерді шарпыған. Одан келген шығын 66 млн теңгені құрады. Мамандар Абай облысындағы өрттің аса ауыр болғанын айтады. Онда 3 мың гектардан астам орман күлге айналған.  Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елде жалпы арнайы техникамен жарақтандыру 89%-ті құрайды. Алайда әлі де 400-ден астам техника жетпейді.

Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:

- Күштер мен құралдардың аймақтық топтары анықталған жоспарға сәйкес жағдай күрделеніп түскен кезде ірі өрт аймағына 39 мыңға жуық адам, 8 мыңнан астам техника су төгетің құбырлар, 10 тікұшақ және 48 өрт сөндіру пойыздарының жұмылдыратының толығымен дайындыққа келтірілген. Тартылатын қызметтер отпен күресуге арналған құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген. Оның ішінде 6 мың аспалы өрт сөңдіргіш, 1318 мато бомба және 38 мыңға астам шанс құралдары дайындыққа келтірілген.

Сондай-ақ...