Бір палаталы Парламент Қазақстан сияқты унитарлы мемлекетке тиімді. Еуразиялық интеграция институтының сарапшылар осындай пікірде. Институттың «Ашық саясат» сараптамалық клубы бүгін Астанада кезекті отырысын өткізді.
Қазақстаннан Қытай бағытына тартылған «Бақты – Аягөз» жаңа теміржолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Абай облысы арқылы өтетін шойын жол желісінің ұзындығы 272 шақырым болмақ.
Қазақстанда ұзын ырғасы 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол салынып жатыр. Бұл еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай алыс-жақын шет елдерге жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейін road-эстафетасын бастады. Бір аптаға жалғасатын ауқымды шара барысында қатысушылар мегаполис пен сыр өңірін жалғаған 1000 шақырымнан аса жолды еңсереді.