Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 21 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер дүмпуінің эпицентрі - Алматы қаласынан 255 шақырым жерде, Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. MPV магнитудасы - 3.9. Тереңдігі - 25 шақырым.