Қызылорда облысында жалған ПТР анықтама сатқандар ұсталды

Қызылорда облысында жалған ПТР тест сатқандар ұсталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады. Екі медициналық мекеменің мамандары қолдан жасалған құжатты 7 мың теңгеден саудалап келген. Олар өз қызметін көбіне вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге, шетелге шықпақ болған азаматтарға ұсынып отырған. Заңсыз жолмен теріс нәтижелі 60-қа жуық тест сатылған. Тінту кезінде анықтаманы басып шығаратын компьютерлік техника мен мөр табылды.