Елордада төбеден түскен қар көліктердің күл-талқанын шығарды

Елордада шатырдан түскен қар көліктерді күл-талқан қылды. Ауа температурасының жоғарлауына байланысты еріп, әбден ауырлаған ақ ұлпа бірнеше көлікті жарамсыз жағдайға түсірді.

Оқиға кәугерлері видеоны әлеуметтік желіде жариялады.

Айтуынша, барлығы қас қағым сәтте болды. Зардап шеккендер жоқ. Автокөлік иелері машинасын қалай қалпына келтіретіні, жағдайға кім жауап беретіні әзірге белгісіз. Негізі көлік тұрағында «осы маңға шатырдан қар құлауы мүмкін, көлік қоймаңыз» деген ескерту ілінген.