Алматыда сауда орталығы қоршауға алынды

Алматыда полицияға бірден бірнеше сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түсті.

Алғаш болып MART орталығындағы адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды. Әлеуметтік желіде осы сауда үйінде эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы ақпарат пайда болды. Видеода ол жерге жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Қауіпсіздік шаралары қабылданып, саперлар тексеруге кіріскен. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Сондай-ақ Әл Фараби даңғылының бойындағы VILLA Boutiques & Restaurants кешені және Алматы облысына қарасты «Апорт молл» сауда ойын сауық орталығы да қоршауға алынды. Бірақ тексеру шараларының нәтижесінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады.

Ақбота Әзірбек, Алматы облысы ПД ресми өкімі:

– Бүгін сағат ондар шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Апорт» ойын-сауық орталығының аумағына жарылғыш зат салынғаны туралы ақпарат келіп түскен. Қазіргі уақытта барлық шұғыл қызметтер іздестіру шараларын жүрігізуде. Аумақ қоршалып, орталықтың келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді.