Қызылордада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Қызылордада жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр күні күндізгі уақытта Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде велосипедпен келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөліктің қаққандығы туралы полицияға хабарлама түсті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ғимараттар мен үйлердегі бейнекамера жазбаларын қарап, оқиға орнында сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру шараларының нәтижесінде екі сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды.

Көлік тізгіндеген жергілікті тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Жасөспірімге медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.