424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

  • 245
  • UPD: 16:47, 25.06.2021
Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті.

Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«24 маусым күні кешке Қарағанды қаласының 14-шағынауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап түсті. Баланың ата-анасы сол сәтте көрші бөлмеде болған. Бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.

Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп мәлім етті.

«Баланың бас миы шайқалып, жамбас буыны шыққан, жарақат бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы