Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

Нұр-Сұлтан-Орал жолаушылар пойызы 25 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Орал-Желаево аралығында болған. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап тағып алып, қозғалып бара жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтпек болған.

«Жәбірленушінің аяғы мен арқасы жараланды. Ол комада жатыр», – деді Орал жол аралық учаскесінің басшысы Қуат Құламанов.

Пойыз адам қаққаннан кейін біраз уақыт тоқтап тұрған, бірақ кейін қозғалысын жалғастырды.