Оралда пойыз қағып, ауруханаға түскен ер адам қайтыс болды

Оралда пойыз қағып, ауруханаға түскен ер адам қайтыс болды, деп хабарлады zakon.kz.

«Ер адам бас-ми ашық жарақатын алған, оған дереу операция жасалды, операция барысында ол жарақаттарынан қайтыс болды», - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-тармағы, «Теміржол қауіпсіздік ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша қайта тіркелді.

Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кеткенін хабарлаған едік

Сондай-ақ...