Қарағандыда күдікті адам изоляторға телефон алып өтпекші болды

Қарағандының тергеу изоляторына сотталушы тыйым салынған заттарды алып өтпек болған.

Ол ұялы телефондарды консерві банкісінің ішіне жасырыпты. Алайда рентген қондырғысы оның бұл әрекетін бірден әшкереледі. Тергеу изоляторының қызметкерлері екі ұялы телефон мен байланысқа қажетті өзге де заттарды тәркіледі.