СҚО-да немересін құтқармақ болған зейнеткер суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында немересін құтқарып қалған қарияның өзі суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар зейнеткерді іздестіріп жатыр. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болды. Немересімен бірге келе жатқан қария өзен бойына көлігін жууға тоқтапты. Есіл өзеніне шомылып жүрген 7 жасар бала суға батқан. Атасы немересін құтқарып қалды. Өкінішке қарай, өзі ағысқа қарсы тұра алмай, суға кетті.

Бағлан Ұзақов, ТЖД АҚБ аға офицері:

- Бүгін таңертең оқиға орнына Петропавл қаласынан 10 сүңгуірлер шықты. Оқиға орнында қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райының ыстық болуына байланысты ТЖД облыс тұрғындарына суда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.