425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада медбике жалған вакцина паспортын жасаған

  • 271
  • UPD: 22:26, 26.07.2021
Қызылордада медбике жалған вакцина паспортын жасаған

Медбике қала тұрғынына «коронавирусқа қарсы екпе алды» деген құжат даярлап, ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген.

Енді қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылып отыр. Жалпы өңірде бұған дейін де жалған вакцина паспорты мен ПТР тест нәтижесін жасаудың 4 дерегі анықталған.   

Нұрсұлтан Әлтай, облыстық ПД анықтау басқармасының басшысы:

- Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚК 206-бабымен жалған құжат дайындау, өткізу және пайдаланғаны үшін ҚК 308-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни ҚР ҚК 385 бабы бойынша ең ауыр жаза 4 жылға дейінгі және 206-бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы