Алматы облысында жезөкшелер ордасы анықталды

Өскеменде заңсыз алкоголь өнімдерін дайындаған күдікті ұсталды. Ал атыраулық тұрғын мас күйінде өзгенің көлігін айдап кеткен. БҚО-да 22 жастағы азаматқа есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылса, Алматы облысында жезөкшелікпен айналысқандар қолға түсті. 

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласында заңсыз алкоголь өнімдерін дайындайтын цех жұмысын анықтады. Жедел іс-шараның барысында гаражды өндіріс орнына айналдырған облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары бес литрлік және бір литрлік ыдыстарға құйылған шамамен 2 тонна алкоголь өнімдерін тәркілеген. Сонымен қатар, өндіріске қажетті сұйықтықтар мен бос контейнерлер және олардың қақпақтары да табылды. Күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары болмай шықты. Аталған заңсыздықтың жол кесу мақсатында жинақталған іс құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.

ҚАРАСОРА ӨСІРІЛГЕН АСА ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ПЛАНТАЦИЯ ТАБЫЛДЫ

Атырау облысында қарасора өсірілген аса ірі көлемдегі плантация табылды.  Бұл өсімдік түрін Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде облыс шекарасы аумағындағы орман алқабынынан кездестірген. Сараптама қорытындысы шеңберінде қарасора өсімдігінің 507 бұтасы оталып, өртелді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде.

22 ЖАСАР КҮДІКТІ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН

Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы азамат «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасында есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікке ілінді. Яғни оның тұрғылықты мекенжайы мен автокөлігін тінту кезінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді пакет табылған. Тәркіленген 105,37 грамм синтетикалық еліткіш заттың сараптамада мефедрон екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖЕЗӨКШЕЛЕР ОРДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматы облысында жезөкшелікпен айналысатын тағы бір орын анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері білгілі бір ақыға жыныстық қызмет көрсетіп келген притон ұйымын әшкереледі. Кешенді іздестіру жұмыстары кезінде тәнін саудаға салған үш бірдей әйел полиция бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жезөкшелік тұрғын-жайын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

КӨЛІКТІҢ ТӨБЕСІНЕ ШЫҒЫП, ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРДІ

Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарап, көпшіліктің сынына қалды. Кадрларда екі қыз басқа көліктерге қол бұлғап, өз өміріне қауіп төндіргені байқалады. Жүргізушісі де жол жүру ережесін сақтамағаны үшін жауапкершіліктен қаша алмады. Желідегілер жолаушылардың әрекеті ерсі екенін айтып, пікір қалдырған. Ал бейнежазбаға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті аталған көліктің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.