Төретамда қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі табылды

Байқоңыр қаласы маңындағы Төретам кентінде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды.

Шала туылған шақалақты көп қабатты үйдің ауласын тазалап жүрген көше сыпырушысы байқап қалған.

Мамандардың айтуынша, түсік тасталғаннан кейін баланың жансыз денесін күл-қоқыс жинайтын контейнерге тастап кеткен. Қазір Ішкі істер министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Әзірге сәбидің анасы табылған жоқ.

Автор: Қамбар Бекенов