ШҚО-да 105 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды

Олар жалған есеп-қисап құжатын жасап, заңсыз мақсатта қыруар ақша жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігінің былтырдан бері жүргізген жедел-алдын алу шаралары аясында, күдіктілердің мемлекетке 900 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды. Қазір оларға қатысты сотқа дейін 490 іс бойынша тергеу басталды. Оның 28-і ұйымдасқан қылмыстық топ құруға байланысты қозғалған. Кінәлары дәлелденетін болса, топ мүшелері 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.