Алматыдан 396 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні 17 сағат 17 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 396 шақырым қашықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.2.

Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.