Маңғыстау облысында Жетібай-Шетпе трассасы жабылды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл басылмай тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірдің батысында құм аралас желден жолдар көрінбей қалды. Автокөлік жүргізушілері әлеуметтік желіге бұл жағдай туралы хабарлап, видео жүктеді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жетібай-Шетпе тас жолы бүгін сағат 15.00-ден бастап жабылған. Әзірге жол апаты тіркелмеді.

Айта кетейік, кеше ауа райының бұзылатыны жөнінде хабарланған.