Желіде бүлдіршіндердің бір баланы жабылып ұрып жатқан видеосы тарады

Әлеуметтік желіде бүлдіршіндердің бір баланы жабылып ұрып жатқан бейнежазбасы тарады. Оқиға Алматыдағы балабақшалардың бірінде болған.

Білім басқармасының хабарлауынша, осы әрекетке жол берген топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі жұмыстан босатылған.

Ал Әуезов аудандық мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бөлімінің басшысына қатысты қатаң шара қолданылды. Кейінгі күндері Алматыда жиілей түскен тосын оқиғаларға қатысты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шұғыл кеңес өткізді. Ол мектептер мен балабақшалардағы тәрбие жұмысын ширату, психологтармен тығыз қарым-қатынас жасау, балалардың тәрбиесіне қатысты әдістемелік жұмыстарды жақсарту жөнінде Білім басқармасы мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Тиісті іс-шараларды педагогикалық ұжымдардың ата-аналармен, балалармен, жоғары тұрған органдармен және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі әріптестік ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта іске асыру қажет екенін ескертті.