Ақмола облысында әйел қарт анасының қолын сындырған

Ақмола облысында әйел қарт анасының қолын сындырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Есіл АПБ кезекші бөліміне аудандық аурухана қызметкерінің 83 жастағы жергілікті тұрғынның стационарға жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Егде жастағы зейнеткер тексерілуде, алдын ала қойылған диагноз – сол қолдың жабық сынуы.

Полиция қызметкерлері қарт әйелге дене жарақатын 59 жастағы қызы салғанын анықтады. Сараптама тағайындалды.

Есіл аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған фактіні ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша СДТБТ-ға енгізді.