Алматыда «А-Parking» компаниясының басшысы ұсталды

Алматыда "А-паркинг" компаниясының басшысы ұсталды.

Ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынды. Тергеудің құпиялығына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, «А-Parking» ақылы автотұрақтардың операторы. Былтыр желтоқсан айында осы компанияға тиесілі акцияның 30 процентін олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі мекеме сатып алған еді. Боранбаевтың өзі өткен айда қолға түскен. Ол да квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.