Қостанайда жағалау өртеніп жатыр

Қостанайда жағаладауғы қамыс өртеніп, қызыл жалын үйлерге өткен. Оқыс оқиға бүгін сағат бес жарымда тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанайда 11 тұрғын үй өртеніп кетті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын 500 шаршы метр жерге тараған. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ қатты жел мен қою түтін құтқарушыларға кедергі келтірді. Жағалау маңындағы жер үйлерден 20 адам эвакуацияланды, арасында 5 бала бар.