Қостанайда өрттен екі адам көз жұмды

Бүгін түнде Қостанайда ірі өрт болды.

Коттедж жанып, екі адам қаза тапты. Төрт адамның денесін бірінші дәрежелі күйік шалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Қазір қызыл жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр. Тұрғын үй Абай мен Лермонтов көшесінің қиылысында орналасты. Бұл үйде бірнеше пәтер жалға берілген. Әлеуметтік желіде тараған видеодан адамдардың жан-жаққа қашып жатқанын айқын көруге болады. Полицейлерге ұйықтап жатқан тұрғындарды оятуға тура келген.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы