Екі жастағы бала ойын алаңында жарақат алды – Ақтау

Ақтауда 2 жасар бала сырғанақтан құлап, мертігіп қалды. Бүлдіршін басынан соққы алып, мұрны мен көзіне зақым келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір үйінде емделіп жатыр. Кейінгі уақытта ойын алаңдарында балалардың зақымдануы жиілеп кетті. Себебі алаңқайлар жөнделмеген, ойын құрал-жабдықтары қуаныш емес қауіп төндіреді - дейді тұрғындар. Өзекті пробелманы жауаптылар қалай шешіп жатыр?

Ғазиза Данаева сол күні ұлымен кешкі серуенге шыққан. Жақын маңдағы ойын алаңын көрген сәби тұра жүгірген. Анасы қуып жетемін дегенше, төбешікке өрмелеп алдындағы тесікке түсіп кетеді. Бет-аузы қанға боялған перзентін шығаруға куәгерлер көмекке келеді. Дереу жедел-жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізген.

Ғазиза Данаева, қала тұрғыны:

- Бұл жерге балаларға қауіпті. Төбешікте ұлымның қаны әлі кетпеген. Бетіндегі жарақаты жазылып келеді. 6 ай бойы осы алаңды сүріп немесе жөндеуді сұрап, әкімдікке хабарластық. Әр кез жауап біреу - алдымен жылу жүйелерін жөнделеді, сосын ойын алаңдарын қараймыз дейді.

Ақ халаттылар 2 жасар Әмірдің бетін бірнеше жерінен тіккен. Ісігі қайтқан соң баланың көзін окулист-дәрігерге қаратуға кеңес беріпті. 

Сания Тарбахова, облыстық Балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Бала қабылдау бөліміне келген кезде алғашқы медциналық көмек берілді. Бетінің жырылған жерлері тігілді. Жағдайы тұрақтанған соң үйде амбуляторлық ем қабылдауға шығарылды.

Оқыс оқиға туралы қала әкімдігі хабардар. Жауапты мамандар әлгі ойын алаңындағы қауіпті төбешікті жуық арада сүріп тастауға уәде беріп отыр. Айтуларынша тек алаңқайды ғана емес, 29-шы шағын аудан толық абаттандырылады. Бірақ, бұл жұмыстың қашан басталары әзірге белгісіз. 

Әнуар Туляков, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:.

- 29-шағын аудандағы 24-үйдің алдында орналасқан ойын алаңы бойынша сметалық құжатнама жасалып жатыр. Кешегі оқиғаға байланысты ТҮКШ бөлімі мамандары қазір сол бағытта, кешке дейін төбешікті толығымен алып тастау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қауіпті болмайтын етіп балаларға.

Жалпы Ақтауда 270-тен астам балаларға арналған ойын алаңы бар. Соның 67-і жөндеуді қажет етеді. Биыл жаңадан 20 алаңқай салу жоспарда тұр. Өткен айда 3-шағын аудандағы ойын алаңда жеткіншек құлап, аяғын сындырған еді. Біздің түсіру тобы барған соң қауіпті төбешік көп ұзамай алынып тасталды.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев, Саламат Бекбаев