Қатардағы сарбаздың өліміне әріптесінің қатысы бар болып шықты

Қатардағы сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне оның әріптесінің қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті Аманжоловтың кінәсін растайтын барлық материалдар жиналды. Енді іс сотта қаралады. Естеріңізге салсақ, осы жылдың сәуір айында әскери госпитальда 18 жастағы жауынгер қайтыс болды. Сарбаз таңертең сапта тұрған кезінде есінен танып қалған.

Еркін Қожа-Ахмет, ҚР Бас әскери прокурорының аға көмекшісі:

- Іс бойынша кінәлінің толық кінәсін дәлелдейтін мәлімет жиналды. Сол жақын арада сотта қаралады. Сотқа берілетін тұлға Аманжолов оның бірге әскерде қызмет атқарған.

Сондай-ақ басқа да атышулы қылмыстық істердің беті ашылды. Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде жүйелі түрде пара алып келген 24 әскери қызметкер жазаланады. Бұдан өзге, Қорғаныс министрлігі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде аудит аяқталды. Тергеу нәтижесінде ел бюджетіне миллиардтан астам теңге қайтарылды.

Еркін Қожа-Ахмет, ҚР Бас әскери прокурорының аға көмекшісі:

- Аудит өткізу бойынша келісімшарттардың орындалмауы бойынша мемлекетке 1,2 млрд тг ақша қайтарылып отыр. Мына азаматтық іс бойынша мұндағы соттар қарау бойынша мемлекет тарапынан 670 млн теңгенің заңсыз төлеуді жолын қидық. Апелляциялық ұсыныс енгізу арқылы ҚР әскери сотында қаралып, әділ шешім болады деген ойдамыз.