Абай облысында «синтетика» сатқан студенттер ұсталды

Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан студенттер ұсталды. Қолға түскені 3 студент. Үшеуі де 18 жаста.

Олар Семей қаласының маңында қолға түскен. Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотропты заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында таратып отырған. Тінту кезінде “сатушылардан” полиэтиленге оралған 34 есірткі түйіншегі табылды. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі екен. Қазір тергеу жүріп жатыр.