Елордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қалалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды. Күдіктілерден тапанша мен суық қару тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.