Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды

Қостанайда қыруар қаржыны кәдімгі қағаздан жасап, байлыққа кенелгісі келген топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 100 долларлық купюраларды қолдан жасап, жалған ақшаны нарыққа шығаруға тырысқан. Күдікті құзырлы органдардың қолына Рудный қаласында түсті. Тінту кезінде 30 мың долларға жуық жалған қаражат тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.