Ақмола облысында браконьерлерге қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды

Соңғы екі аптада тәртіп сақшылары заңсыз аңшылықты, дағдыға айналдырғандарға қатысты 6 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 300-ден астам дерегін әшкереледі. Мәселен Бұланды ауданының тұрғыны Қызыл кітапқа енген қос аққуды ойланбастан атып алған. Одан бөлек Ақкөл аумағында еліктерді қуып жүріп, қарумен жайратып салған қаскөйлер ұсталды. Ал Бурабай мен Қорғалжында браконьерлер аң-құстан бөлек су айдындарындағы балықтарды есепсіз қырып барады. Полицейлер олардың жолына, бөгет болуға тырысқанымен жабайы жануардың етін аңсап, заңсыз саят-шылық құратындар, айы-лын жияр емес.    

Ерболат Құсайынов, облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары:

- Жалпы биылғы жылға осы салада 26 қылмыс анықталған. Өкінішке орай, қылмыс жасаған тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерінен табиғатқа шамамен 30 млн тг материалдық зақым келтірілген. Биыл күнделікті қызмет атқару баысында полицейлер табиғатты қорғау саласында 9 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. Оның ішінде 751 аң аулау ережелерін бұзу, 296 балық аулау ережелері, 6 заңсыз ағаш кесу және 7 жарым мың абаттандыру ережесін бұзғанын анықтаған.