Екібастұздағы жағдай / LIVE

- Иә, республикалық жұмыс тобы Екібастұз қаласында жүр. Әзірге жылусыз қалған үйлердің саны, жөндеу жұмыстарының жайы туралы толық ақпарат жоқ.

- Негізі, бірнеше күн бұрын ірі ақау анықталған көше бойында 17 үй жылусыз қалды деген ақпарат болған. Бірақ, олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Біз күні бойы бірнеше аулада болдық. Жөндеу бригадалары мүлде бармаған нысандарды да көрдік. Тұрғындар көмекті күтпей-ақ өздері жөндеу жұмыстарын бастап кетіпті. Көмек демекші, қалада волонтёрлер штабы да жұмыс істейді.  Бірнеше күн ішінде олар мыңнан астам пәтерді аралаған. Жалпы, жөндеу бригадалары

жылу бармаған нысандарды есептеп жатыр. Нақты ақпарат жоқ. Бұл туралы облыс әкімдігінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук айтты. Бұл туралы тікелей эфирге дейін оның бұл жағдайға қатысты пікірін сұрап білдік. Тыңдап көрсек.

Олег Круг, облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы:

- Бір мезетте барлық жерге бригадаларды қоюға мүмкіндік жоқ. Жылу электр станциясындағы желілік судың шығыны көп. Қазір себептерін анықтап жатырмыз. Күндіз 39, түнде 36 бригада тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Неге үлгермей жатыр? Әрқайсысы өз жұмысымен айналысып жатыр. Қосымша 15 бригада бар.

Сөз соңында айта кетейік, саған 19.30-да штаб отырысының қорытындысы бойынша Роман Скляр брифинг өткізеді деп күтілуде. Сонда ақпарат жаңару керек.