ҚР Парламенті Сенатының төрағасы дауыс берді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ел дамуындағы маңызды күндердің бірі. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірқатар саяси реформалардың алғаш рет осы науқанда іске асырылып жатқанын да жақсы білеміз.

«Соның ішінде партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға арнайы 30%-тік квотаның енгізілуін, парламенттік оппозиция институтының заңмен бекітілуін және саяси партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілуін ерекше атап өтуге болады», - деді Мәулен Әшімбаев.