Нұрлан Нығматулин: Әр сайлаудың өзіндік маңызы бар

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Нығматулин сайлауда қазақстандықтар өздерінің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететінін алға тарта келе: «Бүгін  өз таңдауымды жасадым. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін, халқымыздың сапалы өмірі үшін, балаларымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім» - деді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Әр сайлаудың өзіндік маңызы бар. Бұл жолғы саяси науқан да Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарды жасақтауға өз септігін тигізеріне сенімдімін. Бұл еліміздің даму стратегиясын одан әрі жалғастыруға көмексетеседі.