Я.Марчин: Сайлауға қатысты заңға өзгеріс қажет

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген байқаушылар сайлауға қатысты пікірлерін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жалпы таңдау құқығы барынша еркін болғанымен, жаңа саяси партия тіркелмегендігін жеткізді. Сондай-ақ 30% квотаның да заң жүзінде әлі шикі тұстары бар екендігін атап өтті. Себебі әйелдер мен жастар сайлауға кандидатурасын ұсынғанымен, олардың барлығы депутат болып кетуі екіталай.

«Пандемия жағдайына қарамастан, сайлау науқаны өз деңгейінде ұйымдасырылған», - дейді Ярослав Марчин. Жалпы шет елдерден 48 байқаушы сайлау барысын бақылады.

Ярослав Марчин, ДИАҚБ шектеулі сайлауды байқау миссиясының басшысы:

- Сайлау заңы демократиялық елдерде өтуі тиіс сайлау барысымен салыстырғанда кейбір сәйкессіздіктер бар. Бұл елде заңға жиі өзгеріс енетініне қарамастан, мүгедектер құқығы толық қорғалған екен, сол қуантты. Әлі де кейбір заңдарға өзгеріс енгізілуі тиіс, сол жағын айтқым келеді. Сайлауға дайындық өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дегенмен, әлі де жұмыс істелуі керек.