424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Единая Россия» партиясының Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

  • 330
  • UPD: 17:46, 19.01.2021
Елбасы «Единая Россия» партиясының Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында таяуда елімізде өткен, саяси науқан қорытындысы сөз болды. Дмитрий Медведев Елбасын «Nur Otan» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтап, халықтың зор қолдауына ие болғанын атап өтті.

«Бұл партияның алға қойған мақсаттары мен стратегиялық бағытының дұрыстығын дәлелдейді», - деді ресейлік саясаткер.

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтауға алғысын білдіріп, «Nur Otan» мен «Единая Россия» арасындағы әріптестікті жоғары бағалады және ол Қазақстан-Ресей ынтымақтастығына негізделген деді. Тараптар саяси партиялардың серіктестігін алдағы уақытта да арттыра түсуге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы