ҚР мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.