Қазақстандықтар Газа секторынан эвакуацияланды

 Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір отандастырымыз Египет астанасы Каирден Мәскеуге ұшып барады. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растап отыр. Ал «РИА Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл рейсте Газадан қауіпсіз жерге көшірілген қазақстандық 2 отбасымен қатар Ресей және Украина азаматтары да бар. Бас-аяғы 112 адамды алып келе жатқан екі ұшақ жақын уақытта Домодедово әуежайына қонуы тиіс.