Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады. 

Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.