Қазақстан мен АҚШ-тың діни сенім бостандығы мәселелері бойынша талқылауы өтті

23 маусымда онлайн форматта діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстан-американдық сараптамалық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.

Талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық мәселелері жөніндегі басқарма директорының орынбасары Карсон Релиц Рокер, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозер, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдарының, АҚШ Мемлекеттік департаментінің және АҚШ-тың халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясының өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегация халықаралық міндеттемелерге сәйкес дін саласындағы жағдайды одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді.

Американдық тарап Қазақстанның Адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы соңғы жетістіктерін оң бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуына және одан әрі нығаюына сенім білдірді.

Отырыста халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екі жақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері жемісті талқыланды.