7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

2021 жылғы 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысатын барлық шетелдік БАҚ өкілдерінде жарамдылығы 72 сағаттан аспайтын COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижелі анықтамасы (шетелден келетіндерге) болуы қажет.

«Қазақстандық БАҚ өкілдерінде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың электрондық паспорты болуы міндетті. Іс-шара өткізу орнына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады» делінген хабарламада.