Қазақстан мен АҚШ биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мәселесін талқылады

Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Гросспен бейнеконференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылаған. Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екі жақты ынтымақтастық алға басатынына сенім білдірді.