Мәжіліс төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік кеңесінің төрағасын қабылдады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Сауд Арабиясы – еліміздің Таяу Шығыстағы басты серіктестерінің бірі. Сондықтан барлық салада екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Мәжіліс спикері мемлекеттер арасындағы парламентаралық байланыс, сондай-ақ заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдады. Әсіресе, екі елдің іскер топтарына жан-жақты қолдау көрсетілуі керек деді. Сауд Арабиясының өкілі де саяси және экономикалық байланыстарды бекемдей түсуге ниет білдірді.