Нығматулин Еуропа Кеңесі ПА төрағасын қабылдады

Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық арта түспек. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Рик Демспен кездесті.

Тараптар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси жүйені реформалау, экономиканы жаңғырту, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту бағыттарын талқылады. Нұрлан Нығматулин сайлау процесін демократияландыру мен заңнамасын жетілдіру, әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, парламенттік оппозиция институтын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға баса назар аударды. Қазақстанның бірқатар еуропалық конвенцияларға қосылу мәселесін, қоршаған орта мен климат мәселелерін де тілге тиек етті.