Мемлекет басшысы бастаған саяси реформалар биыл жүзеге асырылады – Ерлан Қарин

Бұл туралы Ерлан Қарин телеграм каналына жазды.

Мемлекеттік хатшы «Жаңа Қазақстан» мен «Екінші республика» ұғымына да түсінік берген. Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы болса, ал Екінші республика – мемлекеттік үлгінің жаңаруы. Жалпы екеуінің мәні бір, яғни тек акценттерінде ғана айырмашылық бар дейді Қарин. Мемлекеттік хатшы Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіліп, 20-дан астам заң қабылданатынын тілге тиек етті. Бұл - реформалардың өте ауқымды жоспары. Ол азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға екпін қойылып отырғанын атап өтті.