Нұрлан Мәсімов туралы ақпаратқа сыйақы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімовтің орналасқан жерін хабарлаған адамға сыйақы тағайындалғанын хабарлады.

Ол аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке іліккен.

«Сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта Масимов іздестірілуде.

Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз:

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808», – делінген мәліметте.

Мәсімовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген.