Парламентте 78 заң қабылданды

Парламенттің ІІ сессиясында депутаттар Үкіметпен бірлесіп, 78 заң қабылдады. Бұл туралы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, заң шығару процесінде адам құқықтарын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше басымдық берілді. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге де назар аударылды. 18 заңға сенаторлардың өздері бастамашы болды. Депутаттар тек отырыс залында ғана емес, сыртта да едәуір жұмыс атқарды. Мәселен, өңірлерде тұрғындармен 500-ден астам кездесу өтті. «Үкіметке 140 сауал жолдаған сенаторлар Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға барынша атсалысты», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Сессия барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған кешенді іс-шаралар мен қоғамдық саяси бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән берілді. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жан-жақты қолдауға арналған нормалар да қабылданды. Осыған орай сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен заңға бастамашылық ету құқығын кеңінен пайдаланды. Бірінші сессияда Сенат депутаттары 7 заңға бастамашы болса, бұл сессия бойынша 18 заңға бастамашылдық жасады.

Сондай-ақ...