Атыраудағы жол сапасы Үкімет назарына алынды

Биыл Атырау облысында жергілікті жолдар желісін салуға және қайта жаңғыртуға 13,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы аумағы 45 шақырым жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі арнайы кеңес барысында мәлімдеді. Үкімет басшысы мұндағы жол сапасының елімізде ең төменгі көрсеткішке ие екенін атап өтті. «Егер битум жеткізуді тездетпесек, оның қыста қажеті болмай қалады. Барлық шешім тиісті деңгейде қабылданды. Бұл мәселені күнделікті бақылауға алу қажет», – деді Әлихан Смайылов.