«Amanat» партиясы жаңа саяси тұғырнаманың жобасын талқылады

Бүгін «Amanat» партиясының Саяси кеңесі отырысында партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы үшін тәжірибелі саясаттанушылар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері тартылып арнайы жұмыс тобы құрылған. Құжатта ұлт, халық, мемлекет, мемлекеттік тіл, рухани болмыс ұғымдары толық қамтылған. Жиынға депутаттар, өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары мен өзге де партия мүшелері қатысты. Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша 6 қазан күні «Аманат» партиясының кезектен тыс жиырма төртінші съезінің күн тәртібі қабылданды.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Құжат жобасы бастауыш партия ұйымдарында, партия филиалдарында жұртшылықпен қызу талқыланып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жалпы, мыңнан астам ұсыныс түсті.  Партияның стратегиялық құжатында қоғам дамуының барлық негізгі беталыстарына баса мән берілді. «Amanat»-тың жаңа Саяси тұғырнамасы партияның ең басты құндылықтары мен принциптерін және тұтастай алғанда.